Өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Жоспар бойынша жылдық өндіріс көлемі 300 мыңнан 1 млн тоннаға дейін ұлғаяды.
Негізгі технологиялық қондырғыны жобалау және салу «Цеоформинг » әдісіне негізделетін болады. Цеоформингтің, жоғары октанды бензин алудың дәстүрлі әдісі болып табылатын -риформингпен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылықтары бар.
Бұл ауқымды жоба, оны жүзеге асыру алдағы жылдарға жоспарланған. Ол бірқатар оң әсерлер әкеледі деп күтілуде:
Өндіріс көлемін ұлғайту: бензин, авиациялық отын, дизельдік отын көлемін ұлғайту.
Қоршаған ортаға әсердің төмендеуі: өнімдер жоғарырақ экологиялық класқа сәйкес келеді.
Жұмыс орындарын ашу: жоба өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Облыстың энергетикалық қауіпсіздігін нығайту: халық үшін мұнай өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Аралас салаларды дамытуды ынталандыру: мұнай өнімдері өндірісінің өсуі мұнай-газ-химия саласын дамытуға ықпал ететін болады.
Мұнай өңдеу зауытын кеңейту, облыс экономикасының дамуындағы елеулі қадам болмақ.
Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанға мұнай өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға, олардың сапасы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін арттыруға, сондай-ақ еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.
Біздің компания қазақстандық және шетелдік кәсіпорындармен ынтымақтастыққа ашық!