2004 жылдан бері Амангелді газ өңдеу зауыты Жамбыл облысындағы мұнай өнімдері мен сұйытылған газдың ірі өндірушісіне, сондай-ақ Қазақстандағы ең ірі жеке меншік мұнай өңдеу зауытына айналып, даму жолымен сенімді қадам басып келеді.
Зауыт Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылының өндірістік аймағында орналасқан. Амангелді газ өңдеу зауыты – 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған қаланы құраушы жоба.
Амангелді газ өңдеу зауыты – мұнай-газ тізбегінің барлық салаларында: барлау мен өндіруден (Upstream) өңдеуге дейін (Downstream), сондай-ақ тасымалдау және сату (Midstream) бойынша бизнесті жүзеге асыратын тігінен біріктірілген мұнай компаниясы.
Тік интеграцияның арқасында компания бірқатар артықшылықтарға ие:
Тиімділік: тізбектегі барлық буындарды бақылау шығындарды оңтайландыруға және табыстылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Жеткізу сенімділігі: компания жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін келісілген мерзімде және қажетті көлемде 100% орындауды қамтамасыз етеді.
Өнім сапасы: өндірістің барлық кезеңдеріндегі бақылау, мұнай өнімдерінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Қызметтердің кең спектрі: компания өз клиенттеріне кен орындарын барлаудан бастап мұнай өнімдерін сатуға дейінгі қызметтердің кең спектрін ұсына алады.
Жамбыл облысындағы мұнай-газ саласының көшбасшыларының біріміз және серпінді дамып келе жатқан компаниямыз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Компания әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып қалуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды әзірлеуге және өз қызметін кеңейтуге үнемі инвестиция құйып отырады.
Мойынқұм, Талас және Жамбыл облыстарында орналасқан үш негізгі өндіріс орнымыз заманауи қондырғылармен жабдықталған және толық автоматтандырылған. Жоғары білікті қызметкерлер тәулік бойы барлық өндіріс орындарының ақаусыз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Амангелді газ өңдеу зауыты корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ұстанады және қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға тырысады.
Компания сенімді жұмыс беруші болып табылады және өз қызметкерлеріне бәсекеге қабілетті жалақы мен әлеуметтік пакетін ұсынады. Зауыт жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жылына 200 миллион теңгеден астам бюджетке төлемдер – мұның барлығы өңірдегі халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.
Біздің принциптеріміз:
Жеткізу сенімділігі: Біз өнімдердің жоғары сапасына және үздіксіз жеткізілімге кепілдік береміз.
Экологиялық таза өндіріс: Біз қоршаған ортаны құрметтейміз және оған әсерімізді азайту үшін озық технологияларды қолданамыз.
Өңірдің дамуына қосқан үлесі: Біз жұмыс орындарын ашып, өңірде экономикалық өсуді ынталандырамыз.